Артық тамақтанудың алдын алуға көмектесетін қарапайым жаттығу: маман кеңесі

Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Көптеген адам қарны тойғанын байқамай, тамақ жеуді жалғастыра береді. Тамақтану жөніндегі сарапшы Елена Милаева тоқтық сезімін дер кезінде аңғарып, артық тамақтанудан қалай сақтануға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маманның айтуынша, теледидар көріп, телефон қолдана отырып немесе асығыс тамақтану ағзаның тоқтық туралы белгісін дер кезінде сезінуге кедергі келтіреді. Өйткені тоқтық туралы сигнал миға біртіндеп жетеді. Сондықтан тамақты жылдам жеген адам ағзасына қажетті мөлшерден артық тамақтанып қоюы мүмкін, деп жазады "Доктор Питер" басылымы.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін Елена Милаева тамақтану процесіне саналы түрде көңіл бөлуге кеңес береді. Ол үшін "Бір түйір тағамға саналы назар аудару" деп аталатын қарапайым жаттығуды орындауға болады.

Маман алдымен тамақтанар алдында 10 секунд үзіліс жасап, бірнеше рет баяу тыныс алуды ұсынады. Содан кейін тағамның кішкене бөлігін алып, оған мұқият қарап, иісін сезіп, дәмі мен құрылымына назар аудара отырып, асықпай шайнау қажет.

Осыдан кейін қасық немесе шанышқыны үстелге қойып, ағзадағы сезімдерге назар аударған жөн.

Бұл жаттығуды тамақтанудың алғашқы бес-жеті түйірінде қайталау жеткілікті. Мұндай тәсіл тамақты асықпай жеуге және тоқтық белгілерін жақсырақ сезінуге көмектеседі.

Сонымен қатар сарапшы күніне кемінде бір рет телефон мен басқа да гаджеттерге алаңдамай тамақтануға, көлемі кішірек тәрелкелерді пайдалануға және әр түйір тағамның арасында қысқа үзіліс жасауға кеңес береді.

Елена Милаеваның айтуынша, тамаққа деген қызығушылықтың төмендеуі, оның дәмін қабылдаудың өзгеруі және тамақтану қарқынының өздігінен баяулауы қарынның тойғанын білдіруі мүмкін.

Бұған дейін дәрігер күз мезгілінде иммунитетті қолдауға көмектесетін тағамдарды атаған болатын.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады