Қайғылы оқиғаның кадрлары жергілікті пабликтерде тарады.
Ондағы ақпаратқа қарағанда, вахталық автобус дөңгелегінің астында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкері қаза тапқан. Компания оқиғаның болғанын растады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 6 қарашада Ақтау – Қаламқас автожолында болғанын хабарлады.
"DAEWOO" автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады ведомство.
Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын нақтылады.