"Жаңа туған сәбиімен бірге келген": Алматы кәсіпкерлері жалған ақша таратқан әйел туралы айтты

Сурет: threads.com/_sp1ddd
Алматыда жалған ақшамен сауда жасаған әйелге қатысты дау шықты. Ол кофеханалар мен дүкендерде қолдан жасалған купюрамен есеп айырысып, қайтарымына шынайы ақша алып кеткен. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Threads әлеуметтік желісінде _sp1ddd қолданушысының жариялаған жазбасы жергілікті кәсіпкерлер арасында қызу талқыланды.

Жазба авторының айтуынша, әйел Алматыдағы кофеханалардың біріне келіп, жалған купюрамен есеп айырысқан. Ол ақшаның "төлем құралы болып табылмайды" деген жазуын кеңсе корректорымен мұқият бояп тастаған. Кофехана қызметкерлері алданып қалғанын әйел кетіп қалғаннан кейін ғана байқаған.

Жазба астындағы пікірлерде бірнеше кәсіпкер де дәл осы әйелдің құрбаны болғанын айтты. Кәсіпкер әйел алаяқтың өз әрекетін жасыру үшін психологиялық айлаға барғанын баяндады.

"Бізге де келген. Қолында жаңа туған сәбиі болды. Осындай суықта аяғына шәркей киіп жүріп, аяқ киім сатып алғысы келетінін айтты. Дүкендегі аяқ киімнің барлығын дерлік киіп көріп, мені алаңдатты да, 20 мың теңгелік купюраны беріп, шығып кетті. Ақшаның жалған екенін түсінген бойда артынан жүгірдім, бірақ еш жерден таппадым. Оны біреу көлікпен күтіп тұрған шығар деп ойлаймын. Өзім оны аяп, "садақа болсын" деп ойлаған едім. Ал видеодан қарасам, қазір жақсы киініп алыпты. Демек, тағы біреуді алдап үлгерген", – деп жазды жәбірленуші.

Өзге кәсіпкерлер де әйелдің осындай тәсіл қолданғанын растады. Олардың сөзінше, ол қызметкерлер шаршаған немесе басқа нәрсеге алаңдап отырған сәтті әдейі таңдайды.

"Мұндай жағдайға сіз ғана тап болған жоқсыз. Бір қыз бізге де жалған купюрамен келді. Сол кезде кассада бір тәулік бойы жұмыс істеген жігіт отырған. Әйел онымен сөйлесіп, назарын басқаға аударған. Сосын көлемі 0,5 литр салқын шай мен екі кішкентай шоколад батончик алды. Нәтижесінде 18 500 теңге шынайы ақшаны қайтарым ретінде алып кеткен", – деп жазды __1011.8 лақап атымен тіркелген қолданушы.

Кәсіпкерлердің жаппай шағымына Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

"Қазір бейнежазбаға түсіп қалған әйелдің жеке басы, оқиғаның мән-жайы және ақша белгісінің шығу тегі анықталып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін осы дерек бойынша полицияға ешқандай арыз, хабарлама немесе өтініш түспеген", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына 2026 жылғы 6 қарашада.

Полиция тексеру қорытындысы бойынша әйелдің әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін де мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді