Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

Фото: pixabay
Қазақстандағы перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел жәрдем станцияларының әрбір бесінші басшысы мен орынбасары аттестацияның шекті балын жинай алмады. Бұл туралы 2026 жылғы 6 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауқымды аттестацияның компьютерлік тестілеу форматындағы алғашқы кезеңі 1 қазанда басталды. Қазіргі уақытта еліміздің 15 өңірінен 235 адам тексеруден өтті. Бұл жоспарланған қатысушылардың жалпы санының 72,1 пайызы.

Тест тапсырғандардың 188-і, яғни 80 пайызы тапсырманы сәтті орындады. Олардың қатарында медициналық ұйымдардың басшылары мен орынбасарлары бар.

"Тағы 47 адам (20 пайыз) қажетті балды жинай алмады. Олардың 25-і – басшы, 22-сі – орынбасар. Сонымен қатар 27 адам тестілеуге келмеді", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ең төмен нәтиже көрсеткен өңірлер: Тестіден өте алмағандар саны бойынша Ақмола, Маңғыстау және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Теріс нәтиже көрсеткендердің жартысынан астамы (55,3%) осы үш өңірге тиесілі.

Үздік нәтиже: Астана мен Павлодар облысының қатысушылары тестілеуден 100 пайыз нәтиже көрсетті.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйым басшылары қабылдайтын басқарушылық шешімдер пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.


"Кәсіби құзыреттілікке аттестаттау қағидаларына сәйкес, тестілеуден теріс нәтиже алған қатысушылар әңгімелесуге жіберілмейді және алты айдан кейін қайта аттестаттаудан өтуі тиіс. Ұсынылған мәліметтер аттестаттаудың түпкілікті қорытындысы емес, бірінші кезеңнің аралық нәтижелері екенін еске саламыз. Тестілеу 2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады", – деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды