"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Сурет: pexels
ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында отандық өндірісті дамыту және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді. Бұл бағыттағы жұмыстарда фармацевтика саласы маңызды орын алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, 2024-2026 жылдар аралығында "СҚ-Фармация" Бірыңғай дистрибьюторы қазақстандық өндірушілермен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында сатып алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар атаулары 42%-ға артты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ішкі нарықтағы отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойып, қазақстандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді тапсырды. Бұл міндетті іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі – Бірыңғай дистрибьютордың отандық тауар өндірушілермен жасасатын ұзақ мерзімді келісімшарттары. Бұл өз кезегінде елдің дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесінде отандық өнімдердің үлесін арттыруға ықпал етеді. Қазақстандық өндірушілерді қолдау нәтижелері мен сатып алу құрылымындағы өзгерістер туралы осы материалдан оқи аласыз.

Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 28 қазақстандық тауар өндірушімен 86 ұзақ мерзімді келісімшарт жасасқан.

2024 жылы ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында 703 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйым сатып алынса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 806-ға, ал 2026 жылы 1 002-ге жетті.

Осылайша, үш жыл ішінде сатып алынатын отандық өнімдердің ассортименті 42%-ға кеңейді. Бұған қоса, ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша өнім жеткізетін қазақстандық өндірушілердің саны 22-ден 28 кәсіпорынға өсті.

2026 жылы отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алу көлемі шамамен 135 млрд теңгені құрады. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 123,3 млрд теңге болған.

2012–2026 жылдар аралығында ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында сатып алынған қазақстандық өндірушілер өнімдерінің жалпы құны шамамен 780 млрд теңгені құрады.

Сатып алудың ұзақ мерзімді сипаты отандық кәсіпорындарға өндіріс көлемін алдын ала жоспарлауға және оны дамыту үшін инвестиция салуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында өнім жеткізетін қазақстандық кәсіпорындардың қатарында "Нобел АФФ", "Химфарм", Қарағанды фармацевтикалық кешені, "Абди Ибрахим Глобал Фарм", "Super Pharm" ЖШС, "Dolce" ЖШС және басқа да өндірушілер бар.

Бүгінде Қазақстанда онкологиялық және созылмалы ауруларды емдеуге, инсульт пен тромбоздың алдын алуға арналған дәрілік препараттар, сондай-ақ медициналық бұйымдардың кең түрлері өндіріледі.

Сонымен қатар елімізде алғаш рет Pfizer, Roche және AstraZeneca сияқты жетекші әлемдік фармацевтикалық компаниялармен келісімшарттық өндіріс жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жобалар түпнұсқа дәрілік препараттар өндірісін жергіліктендіруді және заманауи технологияларды отандық өндірістік алаңдарға трансферттеуді көздейді.

Мұндай ынтымақтастық моделі қазақстандық кәсіпорындарға заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге, мамандардың біліктілігін арттыруға және ұлттық фармацевтика өнеркәсібінің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Халықаралық өндірушілермен ынтымақтастықтың нәтижесі – жекелеген түпнұсқа дәрілік препараттарды сатып алу бағасының төмендеуі.

Осылайша, ұзақ мерзімді келісімшарттар отандық дәрілік заттардың түрлерін кеңейтуге және өндіріс көлемін арттыруға, фармацевтика саласының технологиялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның заманауи фармацевтикалық өнім өндіруші ел ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Бұл жұмыстың басты мақсаты – ел экономикасы мен денсаулық сақтау жүйесі үшін, ең бастысы, пациенттер үшін нақты әрі оң нәтижеге қол жеткізу.

Серіктестік ақпарат

Қазақстан
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"Тарихта алғаш рет" – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

G20 саммитіне дайындық: Тоқаев АҚШ-пен келіссөздердегі өкілімен кездесті