Тоқаев Азамат Кескінбаевты қызметінен босатты

Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті әкімшілігінде кадрлық өзгеріс болды. Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінен Азамат Кескінбаев босатылды. Тиісті өкімге Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Азамат Кескінбаев 1986 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

2009 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін "Математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық экономика жоғары мектебінде экономика магистрі дәрежесін алған.

2025 жылы Назарбаев университеті мен Duke университетінің бірлескен "Executive MBA" бағдарламасы бойынша магистрі дәрежесін алған.

2011 – 2015 жылдары – Мәскеу қаласындағы компаниялар тобында алгоритмдік сауда саласындағы команда жетекшісі.

2015 – 2019 жылдары – "Қазпошта" АҚ бас менеджері, стратегия және экономикалық талдау департаментінің директоры.

2019 – 2020 жылдары – "Қазпошта" АҚ экономика және кеңейтілген аналитика департаментінің директоры.

2020 – 2022 жылдары – "Forte Bank" АҚ қаржылық талдау департаментінің директоры.

2022 – 2025 жылдары – "Қазпошта" АҚ қаржы бойынша басқарушы директоры, басқарма мүшесі.

2025 жылғы 23 желтоқсанда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің көлік-логистика саласы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады