Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

Сурет: pexels
2026 жылы Қазақстандағы 18 жасқа толмаған жастардың үлесі ел халқының жалпы санының 34,2 пайызына жетті. Бұл туралы кейінгі зерттеулердің нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде әлемдегі экономикасы ең ірі елдер демографиялық тұрғыдан қайтару қиын межеге жақындап, жағдайды түзету мүмкіндігінен айырылып барады.

Мұндай елдерге Қытай, АҚШ және Бразилия мысал ретінде келтіріледі. Бұл мемлекеттерде туу коэффициенті қазір 1-ден 1,60-қа дейінгі аралықта. Яғни 49 жасқа дейінгі бір әйелге шаққандағы бала саны осындай. Ал ұрпақ алмасуының қарапайым деңгейін сақтау үшін бұл көрсеткіш кемінде 2,1–2,15 болуы керек.

Осыған байланысты Visual Capitalist онлайн-платформасының сарапшылары БҰҰ мен ЮНИСЕФ деректеріне сүйеніп, зерттеу жүргізді. Олар әлемдегі ұрпақ алмасу үдерісінің қазіргі жағдайын анықтауға тырысып, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың үлесі бойынша елдердің жаһандық рейтингін жасады.

Халқы ең жас елдер

Бүгінде әлемдегі халқы ең жас ел – Орталық Африка Республикасы. Соңғы деректер бойынша, бұл елдегі кәмелетке толмағандардың үлесі жалпы халық санының 56,2 пайызына жеткен.

Екінші орында – Нигер. Мұнда 18 жасқа толмағандардың үлесі 53,3 пайыз.

Үшінші орында – Сомали. Рейтинг авторларының дерегінше, бұл елдегі балалар мен 18 жасқа дейінгі жастар халықтың шамамен 53 пайызын құрайды.

Кәмелетке толмағандар үлесі ең жоғары әлемдегі он елдің қатарына Мали (52,9%), Чад (52,7%), Конго Демократиялық Республикасы (52,5%), Бурунди (51,4%), Мозамбик (51,1%), Ангола (50,8%) және Уганда (50,2%) да енген.

ТМД елдеріндегі жағдай

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында 18 жасқа толмаған балалар мен жастардың халық санындағы үлесі ең жоғары мемлекет – Тәжікстан. Бұл елде көрсеткіш 41,7 пайызға жеткен. Әлемдік рейтингте Тәжікстан 236 елдің ішінде 53-орында тұр.

Екінші орында – Қырғызстан. Ел әлемдік рейтингте 63-орынға жайғасқан. Халқының 37,5 пайызы – кәмелетке толмағандар.

Үшінші орында – Өзбекстан. Көрсеткіші – 36,2 пайыз, әлемдік рейтингте 70-орын.

Одан кейінгі орындарға Қазақстан (80-орын, 34,2%), Әзербайжан (118-орын, 25,9%), Армения (140-орын, 23%), Ресей (164-орын, 20,9%) және Беларусь (176-орын, 19,4%) жайғасқан.

Кәмелетке толмағандар үлесі ең төмен елдер

2026 жылғы кәмелетке толмағандардың үлесі бойынша жаһандық рейтингтің соңғы орнын Гонконг иеленген. Мұнда 18 жасқа толмаған балалар мен жастар халықтың жалпы санының небәрі 12,6 пайызын құрайды.

Бұл көрсеткіш бойынша Гонконгтан сәл жоғары тұрған елдер – Оңтүстік Корея (12,9%), Жапония (14%), Тайвань (14%), Сингапур (14,4%), Пуэрто-Рико (14,5%), Италия (14,6%), Андорра (14,8%), Сан-Марино (15,1%), Мальта (15,5%), Португалия (15,6%) және Испания (15,8%).

Сондай-ақ Германияда (16,6%), Катарда (17,3%), Венгрияда (17,4%), Финляндияда (17,8%), Польшада (17,8%), Швейцарияда (17,9%), Біріккен Араб Әмірліктерінде (18,5%) және Қытайда (19,1%) да бұл көрсеткіш төмен.

Зерттеу нәтижелері аталған елдердің демографиялық ахуалы күрделі екенін көрсетеді. Сарапшылардың пайымынша, олардың демографиялық дағдарыстан өз бетінше шығуы екіталай. Сондықтан бұл мемлекеттер үшін шетелден келетін мигранттарды тарту жағдайды өзгертудің бірден-бір жолына айналуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады