Сенбіде елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: Zakon.kz
Синоптиктер 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Семей қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың шығысында желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Өскемен қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Оның екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Петропавл қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодарда да тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістанда оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында да кей уақыттарда тұман болады.

Ақмола облысында кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Көкшетау қаласында тұман болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады

"Күн райы күрт бұзылады". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды