Трамп шетелде деректер орталықтарын салатын америкалық IT-компанияларға ірі санкциялар салатынын ескертті

Сурет: magnific
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында технологиялардың дамуы, Қытай және Ресеймен қарым-қатынас, сондай-ақ Иран төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дональд Трамп АҚШ-тан тыс жерлерде деректерді өңдеу орталықтарын (дата-орталықтар) салатын америкалық технологиялық компанияларға "аса ірі санкциялар" салатынын ескертті. Алайда ол қандай шаралар қолданылуы мүмкін екенін нақтыламады. Сондай-ақ бұл бастаманы әлі өз әкімшілігіндегі шенеуніктермен талқыламағанын мойындады, деп жазады The Guardian.

Президенттің пікірінше, америкалық дата-орталықтар ел аумағында орналасуға тиіс. Әйтпесе, оларды Қытай өз мүддесіне пайдалануы мүмкін.

"Біз деректерді өңдеу орталықтарының басқа елдерде салынуына жол бермейміз. Өйткені Қытай олардың бәрін өзіне алады. Біз бұған жол бермейміз", – деді Трамп.

Сондай-ақ ол америкалықтарды өз қалаларында дата-орталықтардың салынуына кедергі жасамауға, керісінше, компаниялардан жергілікті қауымдастықтарға қаржылай қолдау көрсетуді талап етуге шақырды.

Осы баспасөз мәслихатында Трамп АТЭС саммитінде кездескен Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен қарым-қатынасы туралы да пікір білдірді. АҚШ президенті екі көшбасшымен де "тамаша қарым-қатынаста" екенін және бұл байланыстар ел қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Бұдан бөлек, Трамп Иранның Вашингтонда "лас бомба" жаруды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратты тексеруге уәде берді. Ол мұндай мәліметті әзірге қауесет деп атады. Алайда бұл сценарий жүзеге асқан жағдайда АҚШ әскери күш қолдану арқылы жауап беретінін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

"Мұндай ауқым бұрын-соңды болмаған": Дубай тарихтағы ең ірі әуежай көшіне дайындалып жатыр

Алматының барлық сегіз ауданында 19 ашық мұз айдыны ашылады

Тоқаев Азамат Кескінбаевты қызметінен босатты