Димаш Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде тағы көш бастады

www.inform.kz
Бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды.

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды.

«Димаш Азия-Тынық Мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. Тізімде тек әншілер ғана емес, кино актерлары, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайланд және өзге де елдердің барлық жанрдағы әртістері бар», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Еске сала кетсек, өткен жылдың наурыз айында да Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталған болатын. Әншіге номинация 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында, Қытайдың Шанхай қаласындағы Mercedes Benz Arena-сында табысталған еді.

Кеште Димаш өзін барша әлемге танымал болуына себепкер, әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d'un terrien endétresse» әнін шырқаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды