Айгүл Мүкей Майя Бекбаеваның “Одна история” бағдарламасына берген сұхбатында күйеуі жайлы сыр шертті, деп жазады Stan.kz.
“Қызымның әкесі бар. Бізде бәрі жақсы, осыдан бір жыл бұрын үйлендік. Екеуміздің махаббатымыздың жемісі – қызымыз Хабиба”, – дейді Айгүл.
Айгүл Мүкейдің алғашқы серігінен Асанәлі есімді ұлы бар. Тележұлдыздың тұңғышы өгей әкесімен жақсы тіл табысатын көрінеді. Айгүл серігін таңдамас бұрын да оның ұлымен қарым-қатынасының дұрыс болуына жіті мән берген.
“Әкесі мен ұлы сияқты. Екеуіне сырт көзбен қарап көрдім. Мен үшін Асанәлінің көз алдында – ер адамның үлгісі болғаны маңызды болды. Ержүрек, байсалды азамат болу керек. Менің жұбайым сондай. Екеуінің қарым-қатынасы жақсы түзілді. Әлі де нығая түседі деп ойлаймын. Ол уақыттың еншісінде. Ең бастысы, жақсы көріп, бағалап, өзара жақсы қарым-қатынаста болу керек. Бәрі бірден болмайды”, – дейді Айгүл Мүкей.