Министр Дархан Қыдырәлі Қонысбай Әбілдің қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

Сурет: youtube/Қонысбай Әбіл
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбілдің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр Facebook-тегі парақшасында ақынмен қоштасып, жазба жариялады.

"Тектілер мекені Торғай топырағынан түлеп ұшып алты алаштың ардақтысына, арқалы ақтаңгер ақынына айналған Қонысбай Әбілов ағамыз дүниеден өтіпті. Қонысбай ағамыздың арқалы ақын ғана емес, қаламы жүйрік журналист ретінде де "Торғай таңы" газеті редакторының орынбасары, "Арқалық таңы" газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы секілді бірқатар жауапты қызметтер атқарып, отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосты. Ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Жақындарына көңіл айтамын".Дархан Қыдырәлі

Айта кетсек, бұған дейін халық ақыны Қонысбай Әбілдің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ол 68 жаста еді. Ақын ертең, 4 желтоқсанда Астанадағы пантеонға жерленеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты