Жаңалықтар тізбегі
0

Атақты айтыскер, қарымды қаламгер Қонысбай Әбіл дүниеден өтті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 11:06 Сурет: Facebook/Ұлықбек Есдәулет
Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл 68 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабар ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

"...Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті - арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті! Жалған-ай!.. Қазақстанның Халық ақыны, атақты айтыскер, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, тіл жанашыры, от ауызды, орақ тілді, сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат бұл пәниден бақиға көшіпті! Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын. Бақұл бол, досым! Жаның жаннатта болсын!", делінген жазбада.

Қонысбай Әбіл 1954 жылы 21 мамырда Қостанай облысы, Жангелді ауданында дүниеге келген.

ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Кезіндегі "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі болған. Одан бөлек "Торғай таңы", "Арқалық таңы" газеттерінде басшылық қызмет атқарды. Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы болған. "Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағына" тізгіндік еткен. Түрлі деңгейде тіл саясатына атсалысқан білікті маман. Сонымен қатар ол ұлтымыздың ұмыт бола жаздаған ұлы өнері – ақындар айтысының халқымызға қайта оралуына, оның өркендеп дамуына қомақты үлес қосқан алдыңғы қатардағы лектің өкілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: