Астанада қоғам қайраткері Нұрғожа Оразға арналған мемориалдық тақта ашылды

Сурет: pixabay
Астанада ақын, жазушы, публицист, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғожа Оразға арналған мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрғожа Нарынбайұлының әрбір туындысы қазақтың жоғын жоқтады. Қазақ тарихы мен ана тілінің мәртебесін көтеру жолында қажырлы қызмет жасады. Шараға жиналғандар Нұрғожа Ораз туралы естеліктермен бөлісіп, кейінгі ұрпаққа оның өнегелі өмірін үлгі етті, деп хабарлайды astana.tv.

"Барша қазаққа белгілі Нұрғожа Ораз ағамыздың құрметіне сол кісінің тұрған үйінің бұрышына ескерткіш тақтасы орнатылып жатыр. Енді ол кісіні білесіздер. Бұрынғы таңда белгілі жазушы, ақын мәдениет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бірнеше шығармалардың авторы". Астана қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов



"Нұрекен жырларының бәріңде халқым, елім, жерім деп жырлап өтіп еді. Сол халқы бүгін жиналып үлкен бір шара жасап жатыр. Өте ризамын. Ризашылығым шексіз өйткені, бұл макған керек емес. Келесі қалған Нұрекеннің ұрпақтары үшін қажет. Сондықтан мынау тұрған халқыма үлкен рақмет айтамын." Ақынның жұбайы Айман Қожахметова
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі