Қостанайдағы музейден Амангелді батырдың портреті табылды

Сурет: видеодан скриншот
Қостанайдағы облыстық өлкетану музейінен Амангелді Имановтың портреті бейнеленген сурет, оған қоса музей қоймасынан батырдың балаларының, жүзбасы, мыңбасыларының да суреттері шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Амангелді Иманов бейнеленген портретті 1956 жылы ұлт азаттық көтерілісінің 40 жылдығына орай Крутильников есімді суретші салған. Сол жылы портрет қазақ мемлекеттік баспасынан 15 мың тиражбен басылып шыққан. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы мәлімдеді.

Сол кезде суреттің бір данасы 1 сом 25 тиын тұрған. Мұнда батыр қарсы алдынан емес, бір қырынан бейнеленген. Көне жәдігер батырдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында көрермен назарына ұсынылады.

"Сол жылы ғана көрсетіліп, содан кейін ешқайда көрсетілмеген. Арада 70 жылға жуық уақыт өтіп, қайта жарыққа шықпақ. 3 сәуірде Елорда төрінде, Астанада көрсетіледі. Әрі қарай Ақтөбе облысы сұратып жатыр. Жазда Абай облысы да сұратып жатыр", - деді Қостанай облыстық өлкетану музейінің директоры Батырхан Жұмабай.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді