"Гүлдер" би ансамблі Түркиядағы Наурыз фестивалінде өнер көрсетті

Сурет: Telegram/Madeniet_aqparat_ministrligi
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының "Гүлдер" ансамблі Түркияның Амасия қаласында өткен Наурыз фестивалінде өнер көрсетті. Фестиваль түркі елдерінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл сайын өтетін фестиваль биыл 4 күнге созылды. Қазақстаннан келген қатысушылар "Наурыз" атты басты мерекелік іс-шарада өнер көрсетті, делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз хабарламасында.

"Гүлдер" ансамблінің үш солисі фестивальдың концерттік бағдарламасында бірнеше хореографиялық композиция ұсынды. Олардың арасында Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев көрерменнің көңілінен шыққан "Қара жорға", "Алтынай", "Көңіл толқыны", "Мен қазақтың қызымын", "Жетісуым", "Тоқымқағар", "Ермек" би композицияларын қойды. Ұжым мүшелері аталған композицияларды жеке, дуэт және триомен орындады.

Сондай-ақ фестиваль аясында "Гүлдер" ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова фестиваль қатысушылары мен жергілікті әртістер үшін қазақ биі бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Сурет: Telegram/Madeniet_aqparat_ministrligi


Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды