Лондондағы "World talent award" халықаралық байқауында Жанат Ерманов бірінші орын алды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен "World talent award" Халықаралық байқауында 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасында Қазақстан өкілі үздік шығып, бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық байқаудың жеңімпазы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиясының Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов болып табылады. 

"GOLDEN TIME TALENT" – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.


"Дәл осы өнерпаздар додасындағы жеңісімен филармония солисті Жанат Ермановты шын жүректен құттықтаймыз. Жанат Ерманов бұл жеңісін Мемлекеттік қарағайлы-үрмелі аспаптар квинтетінің осы жылғы 20 жылдық мерейтойына арнағанын айтты". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды