Қытайдағы кинофестивальде қазақстандық фильмдер жүлдеге таласады

Сурет: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
3-7 шілде аралығында Қытайдың Чунцин қаласында 2025 жылы өтетін ШЫҰ кинофестивалінде Қазақстан екі фильмін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы фестивальдің "Алтын Камелия" атты негізгі байқау бағдарламасына 10 елден 20 фильм енді. Әр елден екі туынды ұсынылған. Қазақстандық "Набат операциясы" мен "Ағайындылар" фильмі қытай көрерменіне көрсетіледі.

"Набат операциясы" (режиссер Рашид Сүлейменов) – Қазақстан құқық қорғау органдары жүргізген ірі арнайы операция туралы шынайы оқиғаға негізделген драма. Фильм "Қазақфильм" киностудиясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

"Ағайындылар" (режиссер Дархан Төлегенов) – 15-тен астам халықаралық жүлдеге ие болған фильм. Картина Германияда өткен Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema марапатын алған. Фильмді Golden Man Media студиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Фестивальдің қазылар алқасына ШЫҰ елдерінен 9 белгілі кинематограф енген. Олардың ішінде қазақстандық продюсер Тасболат Мерекенов те бар. Қазылар алқасының төрағасы – Қытайдың танымал продюсері әрі сценаристі Жэнь Чжунлунь.

Жеңімпаздар 10 номинация бойынша анықталады. Атап айтсақ, "Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Үздік сценарий" және актерлік шеберлік номинациялары бар.

Кинофестиваль аясында 11 негізгі іс-шара жоспарланған, олардың қатарында байқау фильмдерінің көрсетілімдері, ынтымақтастыққа арналған форумдар, кинотехнология көрмесі мен Гала-концерт бар.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды