"Әбден лайықтысың!": Қазақстандық әнші халықаралық байқауда жеңіске жетті

Сурет: Instagram/lim_0n
Сахнада Alex Lim деген лақап атпен танымал қазақстандық әнші Александр Лим Ресейдің Қазан қаласында өткен "Новая волна-2025" халықаралық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқау 2025 жылғы 21–26 тамыз аралығында өтті. Екінші орынды красноярлық "Оберег" тобы алды. Ал, үшінші орынды екатеринбурлық Jummy мен қазақстандық Ерназар Жұбан (Yernazar) бөлісті.

34 жастағы Александр Лим бірнеше телешоуларға қатысқан. Дегенмен, көпшілікке желіде танымал әндердің каверлерін орындау арқылы танылды.

Лим марапаттау сәтінің видеосын бүгін, 28 тамызда жариялады. Қазақстандыққа пианист Игорь Крутой құттықтау сөзін айтып, сәттілік тіледі.

"Бірінші орын – Alex Lim (Қазақстан)", – делінген жазбада.

Әншінің жанкүйерлері оның бұл марапатқа әбден лайық екенін айтып, құттықтауларын білдірді:

Бұған дейін Алматыда беларусь әншісі Макс Корждың концерті тағы да өтпейтін болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қазақстан мақтанышы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды