"Жан тебірентерлік": Игорь Крутойдың ән шырқаған бейнесі желіде қолдауға ие болды

Сурет: Vk/krutoy1954
Жуырда видеоблогер Лаура Джугелия эстрадалық композитор Игорь Крутоймен сұхбаттасты. Бұл сұхбаттан шағын үзіндіні пианист өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистің айтуынша, ол сұхбаттағы Крутойдың "Ангел-хранитель мой" әнінің жазылу тарихы туралы бөліскен сәтін ерекше жақсы көреді.

Игорь Крутойдың сөзінше, 31 жыл бұрын оның тұңғыш жеке концерті өткен. Сол кезде ол Игорь Николаевке ортақ ән жазуды ұсынған. Оның алғашқы төрт жолын Крутойдың өзі орындауы керек болған.

"Қазір бұл ән мен үшін сол алғашқы мерейтойлық концертпен тығыз байланысты. Есімде, сол концерттің афишасының жанынан өтіп бара жатып, "мұндай сәт маған енді ешқашан қайталанбайтын шығар" деп ойлаған едім", – дейді Игорь Крутой.

Крутойдың алғашқы шығармашылық кеші 1994 жылы өткен. Ол кеште бұл әнді Игорь Крутой, Валерий Леонтьев, Алла Пугачёва, Ирина Аллегрова, Александр Серов және Игорь Николаев орындаған.

Жазба желі қолданушылары арасында жылдам тарап, көптеген пікірлерге ие болды.

Бұған дейінАйжан Байзақованың жаңа фотосы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскенін жазған болатынбыз.

Ресей
Крутой Игорь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды