Say Mo мен Нұрболат Абдуллиннің дуэты желіде шуға айналды

Сурет: Instagram/say_mo
Сахнада Say Mо лақап атымен танымал қазақстандық әнші Мөлдір Есембек әріптесі Нұрболат Абдуллиннің музыкалық кешінің қонағы болды. Хип-хоп орындаушысы Абдуллиннің әнінің біріне билеп, шоуға ерекше қызу қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абдуллин өзінің танымал "Сен қорқақсың" атты әнін орындап жатқанда, Say Mo оның қасында би билеп, қойылымға серпін берді.

Сурет: Instagram/say_mo

Алайда оның энергияға толы биі бірқатар көрерменнің көңілінен шықпады. Тыңдармандар екеуін сынап, өз наразылықтарын білдірді.

Ал енді бір топ тыңдарман сынның астына алғандарға ерекше қойылымнан ләззат алуды ұсынды.

Қалай болғанда да, бұл қойылым көпшіліктің назарынан тыс қалмады.

Бұған дейін Backstreet Boys тобы әлеуметтік желіде қазақстандық тыңдармандарына арнап жазба қалдырғанын жазғанбыз. 

Қазақстан
Say Mo

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз