Backstreet Boys тобы әлеуметтік желіде қазақстандық тыңдармандарына арнап жазба қалдырды

Backstreet Boys тобы әлеуметтік желіде қазақстандық тыңдармандарына арнап жазба қалдырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 09:36 Сурет: Instagram/backstreetboys
Америкалық Backstreet Boys тобы Қазақстанға жасаған сапарын ұмытылмас сәт ретінде бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram парақшасында бойз-бэнд өз тыңдармандарының жомарттығын ерекше атап өтті.

"Ұшақтан түскен сәттен бастап, елден аттанғанға дейін біз Қазақстанда шын жүректен махаббатқа бөлендік. Жолда кездескен көптеген адамдардың кеңпейілділігін сезіндік және Астана мен Алматыдағы концерттерімізге келген барлық жанкүйерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл сөзсіз ұмытылмас сапар болды!" – деп жазды топ өкілдері.

Жанкүйерлер пікірлерде әртістерді Қазақстанға қайта келуге шақырды:

– "Соңғы бірнеше күн бойы жастық шағыма деген сағыныш сезімі жадымнан кетер емес. Бірақ бұл сағыныш мұң емес, қуанышпен қатар жүреді. Сіздерге рахмет, қаурыт заманда бір сәт болсын сергіткендеріңіз үшін"

– "Біз сіздерді бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттік. Біздің таңдауымыз сол кезде де, қазір де дұрыс екен"

– "Біз сіздерді 30 жыл күттік, және сіздер біз үшін өте қымбатсыздар. Әндеріңіз біз үшін үлкен мағынаға ие"

Еске салсақ, ән тобы 19 және 21 қыркүйек күндері еліміздің екі қаласында – Алматы мен Астанада жеке концерттерін өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: