Backstreet Boys тобы Қазақстанды сағынышпен еске алуда

Backstreet Boys тобы Қазақстанды сағынышпен еске алуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 12:03 Сурет: Instagram/backstreetboys
Backstreet Boys тобы Алматы мен Астанадағы концерттерін жылы лебізбен еске алып, қазақстандықтарға тағы да алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы топ мүшесі Брайан Литтрелл Threads парақшасында қазақстандықтарға жылы қабылдау үшін алғыс айтты.

"Қазақстанда керемет уақыт өткіздік. Қандай керемет қарсы алу болды! Сапардан түсірілген суреттер… Бізде әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлеріміздің көп болғанына өте ризамыз, музыка – бәрімізді біріктіретін керемет жарық… біздің атымыздан ағаш отырғызды, әрқайсымызға жеке… Бұл өте керемет. Ұмытылмас естелік… Біз сіздерді шын жүректен жақсы көреміз", – деп жазды әнші.

Сурет: Treads/brianlittrell1486

Бұған дейін Backstreet Boys тобының әлеуметтік желіде қазақстандық тыңдармандарына арнап жазба қалдырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: