Димаш Құдайберген АҚШ-та өткен концертінен кейін көпшілікке ризашылығын білдірді

Сурет: dimashnews
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Madison Square Garden-де өткен концертінен кейін тыңдармандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші осы арманын орындауда қолдау көрсеткен командасына, музыканттарға, көрермендер мен бұл сапарға сенім артқан әрбір жанға алғысын білдірді.

"Музыка бізді біріктіріп, соның нәтижесінде Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға жетеледі", – деп ол Нью-Йорктегі концерттен кейін өзінің Instagram парақшасында өз ойымен бөлісті.

Сол кештің финалында Димаш өзінің авторлық туындысын – үш жылдан астам уақыт бойы жазылған, төрт ірі конфессияның музыкалық және тарихи элементтері тоғысқан шығармасын орындап берді.

Сурет: dimashnews

Madison Square Garden залындағы көрермендер туындыны көздерінде жас алып, қолдарын жүректеріне қойған күйі орындарынан тік тұрып тыңдады. Қошемет толастамай залдың да, көрерменнің де әншіге деген терең ризашылық пен бейбіт өмірге деген ортақ тілеуін білдіргендей еді.

Димаш Құдайберген ерекше толқып, көп сөзге бармастан, бар сезімін "Бізге бейбітшілік керек…" деген бір ғана сөйлеммен жеткізді.

Бұған дейін Қазақстан әнұраны Нью-Йорк төрінде шырқалғанын жазған болатынбыз.

АҚШ
Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды