Қазақстан әнұраны Нью-Йорк төрінде шырқалды: Димаштың АҚШ-тағы концертінің алғашқы бейнелері тарады
Сурет: ru.dimashnews.com
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші және мәдениет қайраткері Светлана Айтбаева бүгін, 2025 жылғы 6 қазанда Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің концертінің алғашқы кадрларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аты аңызға айналған Madison Square Garden-де түсірілген бейнелерді Димаштың анасы – Светлана Айтбаева өзінің Instagram парақшасында жариялады. Алғашқы бейнеден жанкүйерлері сахнаға шыққан әншіні қалай қарсы алғанын, екінші таспадан Димаштың орындауында Қазақстан әнұранының шырқалғанын көруге болады.
"Аллаға шүкір",- деп жазды Айтбаева.
Бұған дейін әлемге танымал қазақстандықты жанкүйерлері әуежайдан қалай қарсы алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript