Димаш Құдайберген Нью-Йоркке келді: әлемге танымал қазақстандықты жанкүйерлері қалай қарсы алды

Димаш Құдайберген Нью-Йоркке келді: әлемге танымал қазақстандықты жанкүйерлері қалай қарсы алды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 13:44 Сурет: YouTube/DimashNews
Қазақстанның және Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін беру үшін Нью-Йоркке келді. Әртіс жанкүйерлері өзін әуежайдан қалай күтіп алғандығы жөнінде желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің баспасөз қызметі 1 қазан күні Нью-Йорктегі Кеннеди халықаралық әуежайында сәнді ұлттық стильдегі киімдер киіп, қолдарына жалаушалар, бейдждер мен баннерлер ұстаған Димаштың жанкүйерлері сүйікті әртістерін әуежайда үлкен ықыласпен қарсы алғанын жазды.

Кездесуді тағатсыздана күткен Dears қауымы Димаштың әндерін қосыла шырқап, биылғы жаздың хиті — "Тау ішінде" әнін хормен орындап, болашақ концерттердің қызықты сәттерін асыға сөз етті.

Әртіс жанкүйерлермен емен-жарқын тілдесіп, қолтаңба беріп, бірге естелік суреттерге түсіп, олармен бірге атақты "Besame Mucho" әнін шырқады.

"Димаштың көптен күткен "Stranger" атты жеке концерті Нью-Йорктің аңызға айналған сахнасы — Madison Square Garden-де 5 қазан күні өтеді",- деп нақтылады олар.

Бұған дейін Backstreet Boys тобы Қазақстанды сағынышпен еске алуда екенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: