Димаш Нью-Йорктегі концертінен кейін жағымды жаңалық хабарлады

Димаш Кудайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 10:37 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлемдегі басты сахналардың бірі Madison Square Garden-де өнер көрсеткен алғашқы қазақ ретінде тарихта қалды. Әнші концерттен алған әсері жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш желіге жүктеген бейнежазбада келесідей мәтін жазылған:

"Нью-Йорк. МЭДИСОН САХНАСЫ. Мыңдаған жүректер. Бір тыныс. Бұл түн тарихта да, менің жадымда да мәңгі қалады. Бұл жолды менімен бірге жүріп өткен – менің командама, музыканттарға, көрермендерге және осы сапарға сенгендердің барлығына, алғысымды білдіремін. Музыка бізді біріктірді – Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен-жүрекке, жаннан-жанға. Біз осы концерт туралы, бәріміз бастан кешкен – саяхат пен энергия жайлы деректі фильм түсірдік. Жақында...",- деп жазды ол.

Бұл жаңалықты оқырмандар жылы қабылдады:

  • Тамаша! Концертке бара алмап едім, бұл керемет мүмкіндік!
  • Асыға күтемін!
  • Керемет боларысына күмәнім жоқ)
  • Бүгінгі күннің ең жақсы жаңалығы болды!
  • Супер! Бұл сөзсіз жоғары деңгейдегі фильм болмақ!
  • Сәттілік! Концерт ғажайып өтті! Енді фильмді күтемііз!

Бұған дейін Қазақстан әнұраны Нью-Йорк төрінде шырқалғанын жазғанбыз. Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: