Димаш Құдайберген Нью-Йоркте өткізетін концертіне қызу дайындық үстінде
Сурет: dimashnews
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдегі ең беделді алаңдардың бірі – Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өнер көрсетуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдастырушылар 25 қыркүйекте Instagram парақшасында концертке 10 күн қалғанын және билеттер саны шектеулі екенін мәлімдеді.
Stranger деп аталатын шоу 5 қазан күні өтеді. Аренада қазірдің өзінде әртістің есімі жазылған афишалар ілінген.
Желіде жарияланған жазбада: "Концертке 10 күн қалды. Қалған билеттер саны шектеулі",- деп жазылған.
Бұған дейін Қайрат Нұртастың өз концертіне билет сатылымы бойынша рекорд жаңартқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript