Димаш Құдайберген АҚШ-та концерт өткізбек

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркте әйгілі Madison Square Garden аренасында жеке концертін беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Telegram-да жарияланған бейнелерге сүйенсек, Димаш бұл жаңалықты алғаш рет Алматы аренада өткен жанкүйерлерімен кездесуде айтты. Кейінірек, әнші концерттің аңдатпасымен желідегі парақшасында да бөлісті.
Stranger in New York – осы күзде аты аңызға айналған Madison Square Garden аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті осылай аталады.
Дәл осы сахнада бір кездері Майкл Джексон, Queen және Бейонсе өнер көрсеткен болатын.
Еске салсақ, 26 мамырда, дүйсенбі күні Алматы аренада Димаш Құдайберген фан-кездесу өткізген болатын. Онда шамамен 12 мың адам жиналды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript