Димаш Құдайберген Армения мен Малайзияда концерт береді

Димаш Құдайберген Армения мен Малайзияда концерт береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2022 13:17 Сурет: Zakon.kz
Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желілерде жанкүйерлеріне шетелде жоспарланған концерті туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық артист Instagram-дағы парақшасында 2023 жылғы 29 сәуірде Арменияның астанасы Ереванда, ал жазда, 24 маусымда Малайзияда концерт өткізетінін айтты.

"Ереванда жаңа кездесуімізді асыға күтемін", - деп жазды әнші.

Тағы бір жазбасында Димаш 24 маусымда Малайзияда жаңа форматтағы жеке концерті өтетінін жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: