Димаш Құдайберген концерт алдында жанкүйерлеріне үндеу тастады

Димаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 10:52 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық әнші Алматыға ұшып жетті. Димаш Құдайберген Алматыда өтетін концерті алдында Instagram-дағы парақшасы арқылы жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнерпаздың Алматыдағы жеке концерті 23 қыркүйекте өтеді.

Ертең көріскенше, - деп жазды Димаш Құдайберген видео жариялап.

Бір күн бұрын Димаш Құдайберген стадионнан түскен суретін жариялап, концертке дайындықты бастап кеткенін айтты.

Елге аман-есен қондым. Дайындықты бастадым. Концертте кездескенше, - деп жазды Димаш.

Ал жанкүйерлер болса, әншімен кездесуді асыға күтетіндерін жеткізді:

  • Толқу күшейді. Сізбен кездесуді асыға күтеміз;

  • Толық дайынбыз!

  • Тамаша шоу болады! Іс-шараның ауқымы қазірдің өзінде сезілді!

  • Димаш, концертте сәттілік, таусылмайтын қуат берсін;

  • Біз қасыңдамыз, концертті күтіп жүрміз! Әзірше Алматыны аралап жүрміз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: