Димаш Құдайберген Минскіде концерт береді

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 14:35 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2 cәуір күні Минск аренада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында айтты. Ол видео түсіріп, тыңдарманына сәлем жолдады. Баршаны өзінің концертіне шақырды.

Құрметті достар, сіздерге жақсы жаңалығым бар. 2 сәуірде Минск аренада менің жеке концертім өтеді. Бәріңізді қуана-қуана шақырамын! Бәріңізді жақсы көремін, аса құрметтеймін. Сіздерді сағындым.Димаш Құдайберген

Әншінің ерекше шақыруына Минск тұрғындары қуанып, жылы пікірін білдіріп жатыр:

  • Жаңа аватарыңыз құтты болсын. Шақырғаныңызға рақмет!

  • Минск дайын бол! Жақында біздің үздік сіздерге барады.

  • Сябралар ғана емес, бәріміз барамыз Димаш!

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген бірер күн бұрын Қытай телеарнасындағы концерттен видео жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: