Димаш Құдайберген Армения, Түркия, Малайзияда концерт береді

Димаш Құдайберген Армения, Түркия, Малайзияда концерт береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 17:43 Сурет: Zakon.kz
Stranger туры аясында үш елде Димаштың ауқымды шоу-концерттері өтпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

DimashAli шығармашылық орталығы 2023 жылы Түркияның Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлаған еді. Әншінің өзі де Instagram-дағы парақшасы арқылы қандай қалаларда концерт болатынын айтты.

  • 29 сәуір Арменияның Ереван қаласында
  • 6 мамыр Түркияның Анталия қаласында
  • 24 маусым Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Димаш Құдайбергеннің концерті болады.

Ал Анталиядағы концерт билеттерінің сатылымы 23 қаңтарда басталды. Dimashali.com сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, қазір Димаш Үндістанда жүр. Ол жап-жасыл бақтың ішінде тұрып, тыңдарманына видео үндеу жолдады. 

"Ауырмаңыздар, аман жүріңіздер. Үндістаннан сәлем", - деді Димаш видеода.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: