20 қарашадан бастап Димаштың Гонконгтағы жеке концертіне билеттер сатылады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2023 17:20 Сурет: dimashnews.com
2023 жылғы 23 желтоқсанда Гонконгта Stranger әлемдік туры аясында Димаштың жаңа жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің жеке сайты концертке билеттердің қай күні сатылымға шығатынын хабарлады. 

Билеттер 2023 жылдың 20 қарашасында (дүйсенбі) Бейжің уақыты бойынша сағат 14.00-де ашық сатылымға шығады.

Билеттерді WWW.HKTICKETING.COM платформасында сатып алуға болады.

Сурет: dimashnews.com

Еске салайық, бұған дейін әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Гонконгта концерт беретіні белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: