Димаш Құдайбергеннің қарындасы Нью-Йорктегі суреттерімен талайларды таңдай қақтырды

Раушан Құдайберген, Димаш Құдайберген, Әлемдік әншінің қарындасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 11:23 Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген 2025 жылғы 16 қазанда Instagram желісіндегі парақшасында Нью-Йорктегі танымал орындардың бірі - Таймс-скверде түсірілген суреттері мен бейнелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас кәсіпкер қыз суретке жарық шамдары мен екі қабатты туристік автобустың фонында түскен. Сондай-ақ, түнгі Нью-Йорк көшелеріндегі серуенін де жүктеді.

Жазба желіде кеңінен танылды. Жанкүйерлер тобы бойжеткеннің сыртқы келбеті мен қаланың атмосферасының суреттен-ақ сезіліп тұрғанын жазды.

  • Сондай сұлусың!
  • Нью-Йорк саған жарасып-ақ тұр!
  • Сұлулардың сұлуы!
  • Нағыз биязылық иесі екенің бірден көрінеді, соныңмен ұнайсың!
  • Қаланың да сенің де тартып тұрар тылсым күштерің бар!

Бұған дейін Ақтаудың ең сұлу қызы таңдалғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: