Ақтаудың ең сұлу қызы таңдалды

Іңкәр Ислам, Ақтау аруы 2025, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 10:04 Сурет: Instagram/inkar.islam
2025 жылғы 15 қазанда "Ақтау аруы 2025" байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылардың Instagram желісіне жүктеген ақпаратына сүйенсек, додада 15 ару бақ сынасқан. Ал ақылына көркі сай, үздіктердің үздігі атанған – 18 жасар Іңкәр Ислам.

Конкурста келесі бөлімдер ұйымдастырылған.

  • сәлемдесу;
  • "сұрақ-жауап";
  • өнерпаздар шоуы;
  • дефиле;
  • кешкі көйлектер таныстырылымы.

Бас жүлде иегері Іңкәр Исламнан бөлек, келесі арулар да үздіктер қатарынан көріне білді.

  • I вице-ару – Назерке Тасқымбаева;
  • II вице-ару – Аделя Мирманова;
  • III вице-ару – Аружан Әзімбай.

Бұған дейін "Алматы аруы 2025" тәжін кім иеленгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: