Димаш Құдайбергеннің қарындасы мен күйеу баласы Берлиндегі суреттерімен желіні тәнті етті
Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген 2025 жылғы 2 желтоқсанда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жұбайымен түскен ерекше суреттер топтамасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, суреттер Берлин қаласында түсірілген.
Кадрлардың бірінде жас жұбайлар қала пейзаждарының бірінің фонында суретке түскен. Жазба астында Раушан оларда екі таңдау болғанын – демалу немесе қыдыру – жазды. Ал, "ісінген көздерден біздің таңдауымыз көрініп те тұрған шығар", деп әзілмен атап өтті ол.
Өз кезегінде, оқырмандар суреттердің әдемі шыққанын жазып, жас жұбайларға ізгі-тілектерін білдіріп жатты.
- Жұптарың жазылмасын!
- Раушан, Ермахан бақытты болыңдар!
- Суреттер тамаша, осылай жарқырап жүре беріңдер!
- Жақсы саяхат болсын!
Бұған дейін әнші Айқын Төлепбергеннің бесінші мәрте әке атанғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript