Әнші Айқын Төлепберген бесінші мәрте әке атанды

Әнші Айқын Төлепберген бесінші мәрте әке атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 14:29 Сурет: Instagram/aikyn
43 жастағы қазақстандық әнші Айқын Төлепберген оқырмандарынан сүйінші сұрап, бесінші мәрте әке атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, дүниеге қыз бала келген. 2025 жылғы 1 желтоқсанда өмір есігін ашқан нәрестеге Ару есімі берілді. Осылайша, әншінің алғашқы некесін қоса алғанда, бес баласы бар: екі ұл мен үш қыз.

"Жұлдызыма үлкен алғыс. Мен сені сүйемін",- деп жазды ол ақжолтай хабарда.

Өз кезегінде, жұлдызды жұптың жанкүйерлері де дән риза болып, бауы берік болсын, айтып жатыр.

  • Бауы берік болсын, Айқынтай, Жұлдыз! Саналы, білімді, өнерлі болып өссін.
  • Бауы берік болсын! Ұйқысы тыныш, өмірі нұрлы болып, жүрегіне иман, бойына қайрат қонсын!
  • Бауы берік болсын! 1 желтоқсанда туылған қыз осал болмайды! Ең бастысы ғұмыры ұзақ, бақытты қыз болсын!

Бұған дейін Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: