Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіні кезекті мәрте шулатты
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Әншінің отбасына қатысты түрлі қауесеттерге қарамастан, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртас әйелі мен қызы Рабия Сұлтанмен бірге тек бір-ақ рет көрінген еді. Дегенмен, күні кеше актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туыстарының тойынан бірге түскен жаңа бейнелерін жүктеді.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Онда олар жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге жас жұбайларға бақыт тілеп, ән айтып, тіпті бірге би де биледі. Бимен бөліскен видеосына Жұлдыз қысқа ғана:
"No comment" (Түсініктеме жоқ), – деп жазған.
Кадрларда ерлі-зайыптылардың бір-біріне жылы жымиып, қарым-қатынастағы үйлесімділікті көрсете түскені байқалады. Тойда қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің басқа да жұлдыздары болды.
Бұған дейін әнші Айқын Төлепбергеннің бесінші мәрте әке атанғанын жазған болатынбыз.