Қайрат Нұртастың туған күнінде Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше сый жасап, жүкті екенін хабарлады
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Ол оқырмандарына дәл бір жыл бұрын, яғни 25 ақпанда күйеуі Кайрат Нұртасқа бесінші жүктілігі туралы хабарлағанын еске салды.
Әуелі Жұлдыз парақшасында бұл күннің несімен маңызды екенін сұрап, оқырмандарын біраз қызықтырды. Кейін дұрыс жауапты өзі жариялады – 25 ақпан Қайрат Нұртастың туған күні екені белгілі болды.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Осыдан кейін актриса отбасылық ерекше естелігімен бөлісті. Оның айтуынша, дәл осы күні бір жыл бұрын ол жұбайына бесінші сәбиге жүкті екенін айтқан. Бұл қуанышты жаңалық өнер иесінің туған күнін бұрынғыдан да есте қаларлық еткен.
Жұлдыз мұрағаттағы видеоны 25 ақпанда өзінің YouTube арнасына жүктеп, оқырмандарына сол сәтті бірге еске алуды ұсынды.
Бұған дейін Айжан Байзақова ұлдарының жаңа туған қарындастарын қалай қарсы алғанын көрсеткенін жазғанбыз.