Айжан Байзақова ұлдарының жаңа туған қарындастарын қалай қарсы алғанын көрсетті

Айжан Байзакова ұлдарының жаңа туған қарындастарын қалай қарсы алғанын көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 14:04 Сурет: Instagram/bayzakova
Жуырда үшінші рет ана атанған танымал қазақстандық блогер Айжан Байзақова ұлдарының жаңа туған қарындастарымен алғаш кездесу сәтінен түсірілген әсерлі бейнесімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желі қолданушылары бұл бейнежазбаны жылы қабылдағанымен, Айжанның өзі бұл сәттің оңай болмағанын жасырмады. Оны әсіресе ортаншы ұлы Асадтың реакциясы қатты алаңдатқан.

"Асадтың қалай қабылдайтынын уайымдап, қатты жыладым. Өзі әлі кішкентай ғой. Шынымды айтсам, бұл сәт аздап мұңды да болды. Ол қызғанышын көрсетпейді, бірақ мен сеземін. Оның үстіне, кішкентай қарындасы әке-шешесінің ортасындағы оның "құрметті орнын" алып қойғандай", – деп жазды Айжан.

Желі қолданушылары жазба астына жылы пікірлерін қалдырып, Айжанның жолдасының балаларға деген қамқорлығын, сондай-ақ үлкен ұлы Аланның есейіп қалғанын атап өтті. Пікірлерде оқырмандар сүйсініп қана қоймай, бала тәрбиесіне қатысты түрлі кеңестерін де бөліскен.

Бұған дейін Мақпал Исабекова жұмбақ жазба жариялағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: