Айжан Байзақова желідегі алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

Айжан Байзақова желідегі алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 16:40 Сурет: Instagram/bayzakova
Соңғы кезде қазақстандық танымал блогер Айжан Байзақованың Instagram парақшасындағы жазбаларының астында оның үшінші рет жүкті екені жайлы сұрақтар көбейіп кетті. Осыған байланысты, 1 қазанда 30 жастағы блогер сұраққа Stories-те жауап беріп, ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Блогер жолдасы Нұрбек Арыстанмен бірге үшінші сәбиін күтіп жүргенін айтты. Айжан өзінің жүкті екенін маусым айында, отбасымен бірге Мальдив аралдарынан демалыстан оралғаннан кейін білген.

"Мен шок болдым, өйткені әлі үш жылдай демалып, тынығамыз деп ойлағанбыз. Аяқ астынан шытырманға топ ете түстік", – деп жазды ол.

Байзақованың айтуынша, ол ауыр токсикоздан қиналған. Тіпті жүктілікке қауіп төніп, екі апта бойы ауруханада жатқан. Бұл қиын кезеңде оған жолдасы қолдау білдіріп, балаларға өзі қараған.

"Гематома өте үлкен болды. Дәрігерлер маған: "Біз ештеңе уәде бере алмаймыз, Алладан үміттеніңіз", – деді. Мен ұшақ сапарларымды, іс-шараларымды тоқтаттым, жатып күтуге тура келді. Нұрбек маған келіп, көңілімді көтеруге тырысты, бірақ мен күні-түні жылаумен болдым… Барлығын Аллаға тапсырдым", – деп бөлісті блогер.

Сурет: Instagram/bayzakova

Айжан әйелдердің өте мықты екенін айтып, күрделі жүктілік кезеңін бастан өткеріп жатқан барлық қыз-келіншектерге жүрекжарды тілегін жеткізді.

Сондай-ақ ол 4 қазан, сенбі күні күйеуімен бірге гендер-пати өткізетінін айтып, оқырмандарына баланың жынысын болжауды ұсынды. Дауыс беру нәтижесіне қарағанда, көпшілігі Байзақова қыз босанады деп күтуде.

Сурет: Instagram/bayzakova

Блогер қазіргі уақытта жүктіліктің 20-аптасында екенін де жасырмады.

"Қай жерде босанатынымды әлі шешкен жоқпын. Астана мен үшін – бейтаныс жер. Сол себепті кеңес беріңіздерші, палаталары жақсы клиникалар қайда бар?" – деп жазды Айжан оқырмандарына.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың да әулетінде тағы бір нәресте дүниеге келетіндігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: