Макпал Исабекова жұмбақ жазба жариялады

Макпал Исабекова жұмбақ жазба жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 11:24 Сурет: Instagram/makosyai
Қазақстандық әнші Макпал Исабекова жанкүйерлерін өзімен бірге болуға шақырып, желідегі парақшасына жұмбақ жазба қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші қолына гүл шоқтарын ұстап түскен суретін Instagram парақшасында жариялаған.

"Мен көп сөйлемеймін. Мен шырқаймын. Әндерім менің немен тыныстайтынымды, нені сезінетінімді, неге қуанатынымды айтып береді. Ал сіздер тек қасымда болыңыздар, тыңдаңыздар, маған бұдан артық ештеңе керек емес", – деп жазды ол.

Жанкүйерлері әншінің бұл ойының астарын толық түсіне қоймаған секілді. Көпшілігі оның сұлулығына тәнті екенін жазса, кейбірі "әрдайым жаныңыздамыз" деп қолдау білдірген.

Бұған дейін Әли Оқапов жағымды жаңалығымен бөліскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: