Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде қандай образда өнер көрсетеді

Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде қандай образда өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 12:26 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Qazsport телеарнасына берген сұхбатында гала-концертте қандай образда мұз айдынына шығатынын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram желісінде жарияланған бейнежазбада спортшы "Кунг-фу панда" анимациялық комедиялық фильмінің басты кейіпкері – панда бейнесіндегі костюммен мұзға шыққаны көрсетілген.

Мәтінде Шайдоров 21 ақпанда өтетін Олимпиада-2026 ойындарының үздік спортшылары қатысатын гала-кеште панда образында өнер көрсететіні атап өтілді.

Айта кетейік, 14 ақпанда Михаил Шайдоров Қазақстан қоржынына 2026 жылғы Олимпиададағы алғашқы алтын медальді салды. Тарихи жеңісімен оны Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин құттықтады. Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев Шайдоровты "Барыс" орденімен марапаттайтыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: