Бұл қазақ кемсітпеген әйел атын, қыздарын ермен қатар қоя алатын: Әбдікәрімова қоғамдағы әйел рөлін негіздеді
Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Танымал қазақстандық актриса және тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзінің Instagram парақшасында 16 желтоқсанда авторлық өлеңін жариялады. Шығармада қазақ әйелдерінің тарихтағы және осы замандағы рөлі бейнелеген.
Әбдікәрімова Зарина, Томирис, Айғаным сияқты тарихи тұлғаларды, сондай-ақ кеңестік және қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жұлдыздарын — Әлия Молдағұлова, Роза Бағланова және Ләззат Асанованы атап өтіп, қазақ әйелінің мықтылығын негіздеді.
Ол жазбаны өзінің ұлттық киімдегі бейнесімен және өзге де тұлғалардың мұрағаттық кадрларымен сүйемелдеді.
Бейненің оқырмандарына ұнағаны сөзсіз:
- "Қазақ аруларының өр рухын, батылдығын және ұлт болашағындағы ерекше рөлін көрсете алдыңыз. Қыздарымызға әрдайым қолдау көрсетіп, олардың жетістіктерімен мақтанатын ер адамдар көбірек болса екен.
- Керемет!
- Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Осындай аналарымыздың жолын жалғайтын дана қыздарымыз көбейе берсін...
- Даусы қандай тамаша!
- Мереке құтты болсын! Рақмет, Жұлдыз.
Бұған дейін "Астана Опера" театрында опера жұлдызы Майра Мұхамедқызының мерейтойлық кеші өткені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript