"Референдумға қатысу – пікіріңді білдіруге мүмкіндік": әнші Айқын дауыс берді
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бюллетеньді жәшікке салғаннан кейін ол мұндай оқиғаға әрбір қазақстандық мән беріп, саналы түрде қатысуы қажет екенін атап өтті.
"Референдумға қатысу – еліміздің болашағын анықтайтын маңызды мәселелер бойынша әрқайсымызға пікірімізді білдіруге мүмкіндік. Мен бұл маңызды үдеріске үлес қосқаныма қуаныштымын", – деді Айқын.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар сайлау учаскесіне келіп, сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript