Жаңалықтар тізбегі
0

Димаштың анасы отбасылық фото жариялады

Светлана Айтбаева мен Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 14:57 Сурет: Instagram/sveta_aitbaeva73
Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева Instagram-дағы парақшасына отбасылық фото жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фотода отбасының барлық мүшесі жиналған: Қанат пен Светлана Айтбаева, олардың балалары Димаш, Раушан және Әбілмансұр Құдайбергендер.

"Отбасыларыңызға амандық тілейміз!" – деп жазды Димаштың анасы фотоның сипаттамасына.


Фото Светлана Айтбаеваның жанкүйерлерін елең еткізді. Олар Димаштың анасына жарияланған фото үшін алғысын білдіріп, отбасына бақыт, денсаулық, бақ-береке, махаббат тіледі:

  • «Тамаша, сүйкімді отбасы!»
  • «Әдемі фото үшін рақмет!»
  • «Сіздерді бірге көргеніме қуаныштымын!»
  • "Барлығыңызға денсаулық! Біз сіздерді жақсы көреміз!"
  • «Өте әдемі отбасылық фото!»
  • "Қандай керемет фото! Бәрің қандай әдемісіңдер!"
  • «Жақсылық, денсаулық және отбасыңызға махаббат!»
  • "Өте жақсы отбасылық фото! Деніңіз сау және бақытты болыңыздар!"
  • "Тамаша отбасы! Шаңырақтарыңызда тек қуаныш пен бақыт болсын!"
  • "Өздеріңізге қамқор болып, бақытты болыңыздар, құрметті жандар! Фотоға көп рақмет!"
  • "Сіз өте кереметсіз! Өте әдемі отбасы! Сіздерге бақыт, зор денсаулық, амандық және барлық жақсылықты тілеймін!"

2023 жылдың 6 қаңтарында Димаш Құдайберген қарындасы Раушан мен інісі Әбілмансұрмен бірге түсірген видеосын жариялады. Құдайбергендер бірігіп, "Together" әніне бейнебаян түсіріп жатқанын айтты. Ол жақын арада YouTube және басқа да платформаларда жарық көреді.

Светлана Айтбаева – әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, мәдениет қайраткері.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: