Димаш Құдайбергеннің анасы Ригада түскен суретімен желіні таң-тамаша етті

Димаш Құдайбергеннің анасы Ригада түскен суретімен желіні таң-тамаша етті , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 12:53 Сурет: Instagram/sveta_aitbaeva73
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева желідегі оқырмандарымен Рига қаласында түскен суретімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол суретті 13 желтоқсанда өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Айтбаева суретке фон ретінде салтанатты түрде безендірілген Жаңа жылдық шыршаны таңдаған. Жазбада ол ұлының концерті өткен Рига қаласында екенін жазып, киім үлгісін ұсынған дизайнерге алғасын білдірген.

"Рига. 12.12.2025. Керемет концерттен әдемі естелік.Әдемі камзол ұсынған сән үйіне рахмет айтамын",- деп жазды ол.

Желдіге оқырман суреттің жылулыққа толы екенін айтып, пікір білдірді.

"Сөзсіз үйлесімділік!", "Өте әдемі", "Ғажап",- деп жазып жатты желідегі ағайын.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің "Stranger" концерттік туры аяқталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: