Димаш Құдайберген "Stranger" концерттік турын аяқтады
Сурет: Facebook/dimash_official
Турдың аяқталғаны жайлы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. Концерттік бағдарлама Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында әлемнің түкпір-түкпірінде болды.
Осы жылдар аралығында Димаш Алматы – Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Рига қалаларын қамтыды.
Концерттің иесі ретінде Димаш бір уақытта концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты: "Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!".
Бұл кеште Димаштың жеке концерттерінде алғаш рет рояльда оның інісі — Әбілмансұр Құдайберген де өнер көрсетті. Сонымен қатар, Димаш тек ән шырқап, дауыс жаттығуларын өткізіп қана қоймай, би тобының мүшелерін де құттықтап та үлгерді: Салтанатты — үздік хореограф атанғаны үшін, ал Александраны — туған күнімен құттықтады. Бұл сәтте Dears жанкүйерлері ағылшын тілінде ғана емес, латыш тілінде де хормен қолдау көрсетті.
Ал, "S.O.S." композициясын орындаудың алдында Димаш сахнадан алғаш рет Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі) жаһандық Ізгі ниет елшісі ретіндегі мәртебесінде көрермендерге үн қатты.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің БҰҰ-ның дүниежүзілік ізгілік елшісі болып тағайындалғанын жазғанбыз.