Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырмақ

Алматы, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 09:44 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 26 мамырда Димаш Құдайберген Almaty Arena стадионында "D and Dears" атты фан-кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара әншінің туған күніне орай өткізілмек, бұл жайлы Димаш өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Менің туған күніме орай, 26 мамырда Almaty Arena стадионында "Stranger" концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын "D and Dears" атты фан-кездесу өтеді!Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар".Димаш Құдайберген

Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен "Stranger" шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі!

"Кездескенше! Сіздерді ерекше жақсы көремін",- деп қорытындылады ол.

Сурет: dimashnews

Бұған дейін Астанада Дженнифер Лопестің ғана емес, Крейг Дэвид, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның бірқатар үздік жұлдыздары өнер көрсететін музыкалық фестиваль өтетіні жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: